13:55, 30 Маусым 2024 | GMT +5
Қызылордада қалалық орталық емханадан өрт шықты
ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM - Қызылорда қаласында қалалық орталық емханадан өрт шықты.

Төтенше жағдайлар қызметіне 30 маусымда 2.20-да З.Шүкіров көшесі бойында орналасқан қалалық орталық емхананың 2-ші қабатынан өрт шығуда деген шақырту түсті.
«Өртке қарсы қызметінен оны сөндіруге 26 қызметкер жұмылдырылды. Барлау жұмысы нәтижесінде орталық емхананың 2-ші қабатындағы бөлме ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды. Өрт 2.43-те толық сөндірілді. Өрттен зардап шеккендер жоқ», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысында 1500 пресс шөп жанып кетті.