Қызылордада «Қазақ тілін меңгертуге арналған мәтіндер жинағы» жарық көрді

кітап
Фото: Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасы

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — Қызылорда облысы тілдерді оқыту орталығы жанынан құрылған ғылыми кеңес мүшелерінің әзірлеуімен «Қазақ тілін меңгертуге арналған мәтіндер жинағы» жарық көрді.

Бұл жинақ филология ғылымдарының кандидаты, доцент Алдажар Әбіловтің бастамасымен қолға алынған.

Оған филология ғылымдарының кандидаты Аман Абасилов жетекшілік етсе, орталық директоры Мартана Дәулетбаеваның редакциялық басқаруымен жинақ жарық көрді. 

мәтін
Фото: Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасы

Оқытушылардың бірлескен әдістемелік жинағы тіл үйренушілердің оқу сауаты мен тілдік дағдысын дамытуға, анықтау мен бақылауға бағытталған. 

Сондай-ақ облыс аумағындағы жер-су атаулары арқылы мемлекеттік тілді деңгейлік оқыту — жинақ авторларының түпкі мақсаты. 

Тұсаукесер рәсімінде кеңес төрағасы Алдажар Әбілов орталық жанындағы ғылыми кеңес мүшелерінің еңбегін, тіл саясатын жүргізу бағытындағы жұмыстарын жоғары бағалады.

мәтін
Фото: Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасы

Одан кейінгі кезекте жинақтың лентасы қиылды.

Соңғы жаңалықтар
telegram