Қызылордада көппәтерлі тұрғын үйде өрт болды

Орал
Фото: БҚО ТЖМ

АСТАНА. KAZINFORM - Қызылордадағы көппәтерлі тұрғын үйлердің бірінде лифт ішінде қоқыс өртенді, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі. 

Құтқарушылар баспалдақпен 10 адамды, оның ішінде 2 баланы эвакуациялады. Кейіннен адамдарды жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырды.

Өрт сөндірушілер 4 шаршы метр аумақта өртті сөндірді. Өрттің себебі анықталуда. 

Соңғы жаңалықтар