Қызылордада лифт ішінде қалып қойған адамдар құтқарылды

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — Қызылорда қаласы Желтоқсан көшесі бойында орналасқан көпқабатты үйлердің бірінде 2 ересек адам 3-ші және 4-ші қабаттардың арасында лифт ішінде қалып қойған. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

Қызылордада лифт ішінде қалып қойған адамдар құтқарылды
Фото: Алтынай Сағындықова / Kazinform

Шақырту орнына келген құтқарушылар арнайы кілттің көмегімен лифт есігін ашып, адамдарды алып шықты.

ТЖМ лифтіде қамалып қалғанда келесі ережелерді ұстану керек екенін еске салады.

1. өзіңіз алаңдамаңыз және көршілеріңізді тыныштандырыңыз;
2. диспетчерге хабарласыңыз;
3. барлық түймелерді қатарынан баспаңыз;
4. лифт есіктерін өзіңіз ашуға тырыспаңыз;
5. барлық сыртқы байланыс арналарын пайдаланыңыз.

Айта кетелік Өскемендіктер лифтілердің жиі сынатынына шағымданды.

Соңғы жаңалықтар