Қызылордада мемлекет меншігіне өткен жер шаруаларға беріліп жатыр

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — «Жер аманаты» жобасы аясында Қызылорда облысында соңғы екі жылда 300 мың гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылған. 

Қызылордада мемлекет меншігіне өткен жер шаруаларға беріліп жатыр
Фото: Amanat партиясының Қызылорда облыстық филиалы

Қайтарылған алқаптар мал өсіріп, егін егуге ынталы адамдарға беріліп жатыр. Соның бірі Сырдария ауданы Айдарлы ауылының тұрғыны Қожахмет Сүйіндіков.

Қызылордада мемлекет меншігіне өткен жер шаруаларға беріліп жатыр
Фото: Amanat партиясының Қызылорда облыстық филиалы
Қызылордада мемлекет меншігіне өткен жер шаруаларға беріліп жатыр
Фото: Amanat партиясының Қызылорда облыстық филиалы

Ол кәсіпкерлікке негізделген фермер қожалығын жүргізу үшін 2023 жылы ауыл шетінен 320 гектар жер алған. 50 бас мал алып, сол жерде бағып отыр. Еті мен сүтін ауыл халқына өткізеді. Алқапқа 100 түп жеміс ағашын, 5 гектар жерге жоңышқа екті. Қолдан көл жасап, балық шаруашылығын да дамытып отыр.

— Зейнетке шыққан соң мал ұстағым келді. Ауыл іргесінде оған ыңғайлы жер болмады. Жер іздеп жүргенде заңсыз пайдаланылған жер телімдері мемлекет меншігіне қайтарылып жатқанын естідім. Жігіттер жер алу жолын көрсетіп, конкурстық негізде осы жерді алдым. Басына үй, қора салдым. Одан бөлек жеміс ағашын ектім, — деді Қожахмет Сүйіндіков.

Қызылордада мемлекет меншігіне өткен жер шаруаларға беріліп жатыр
Фото: Amanat партиясының Қызылорда облыстық филиалы

Облыста жыл басынан бері заңсыз берілген, пайдаланылмаған 30787 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Биыл жалпы 60 мың гектар жерді қайтару жоспарланған.

Бұған дейін біз Абай облысында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекет меншігіне қайтару бойынша жоспар межеден асыра орындалғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар