Қызылордада мұғалім әйел кісі қолынан қаза тапты
ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — Әлеуметтік желіде ақпарат тарады. Онда қала мектептерінің бірінде бастауыш сыныпта сабақ беретін әйелдің кісі қолынан қаза тапқаны айтылған.

Бұл оқиғаның болғанын облыстық полиция департаменті растап, төмендегіше түсініктеме берді.
— Аталған дерек бойынша тергеу жүргізілуде. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазақстан ҚР Қылмыстық кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді, — деп мәлім етті департаменттен.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада жүк көлігінің тіркемесі полицияның қызметтік автокөлігінің үстіне құлады. Оқиға 7 қаңтарда «Самара-Шымкент» тас жолының Қызылорда қаласына қарасты Талдыарал елді мекенінің тұсында болған. Сол аумақта Қызылорда облыстық полиция департаменті патрульдік полиция ротасының екі қызметкері жұмысын атқарып жүрген болатын.