Қызылордада оқушы мектепте үзіліс кезінде бұрыш баллонын шашқан

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM - Қызылорда қаласындағы мектептердің бірінде оқушы үзіліс кезінде бұрыш баллонын шашқан. Бұл іс кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияның қарауына жіберілді.

полиция
Фото: Polisia.kz

Облыстық полиция департаментінің Ювеналды полиция қызметкерлері оқушыларды эвакуациялап, зардап шеккен мектеп оқушыларына алғашқы медициналық көмек көрсетілді. 

«Материал кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияның қарауына жіберілді. Анықталған жасөспірімнің заңды өкілдері және оқитын оқу орындарының қызметкерлері шақыртылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Қызылорда қалалық білім бөлімі бұл мақсатта шұғыл зерделеу тобы құрылып, жұмыс жасап жатқанын хабарлады. Қорытындысы алдағы уақытта хабарланатын болады.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордалық полицейлер есірткі қылмысы бойынша күдіктіні төрт жылдан кейін ұстады.

Соңғы жаңалықтар