Қызылордада оқушыны жезөкшелікке мәжбүрлеген 8 күдікті қамалды

АСТАНА. KAZINFORM – ҚР Ішкі істер министрлігі Қызылордада 16 жасар оқушыны жезөкшелікке мәжбүрлеу туралы қылмыстық істі тергеудің мән-жайын баяндады.

Бахрейн
Фото: shutterstock

Министрлік Қызылорда облысы полиция департаментінің тергеу басқармасы кәмелетке толмағандарды жезөкшелікпен айналысуға тарту фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 134-бабының 3-бөлігі бойынша тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады.

«Бұдан басқа, осы қылмыстық іс шеңберінде ҚК бірнеше бабы бойынша, оның ішінде жезөкшелікпен айналысуға арналған притон ұйымдастыру және жеңгетайлық (309-бабы 2-бөлігі), бопсалау (194-бабы 2-бөлігі), есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын қолдануға көндіргені үшін (299-бабы 3-бөлігі), азаптау үшін (110-бабы 1-бөлігі), кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін (140-бабы 1-бөлігі) тергеу жүріп жатыр», - деп жауап берді министрлік редакцияның ресми сұрауына.

Сондай-ақ, осы фактілер бойынша 8 күдіктіге сот «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады, біреуі үйқамақта.

Бұдан басқа, осы факті бойынша жауапты лауазымды тұлғаларға қатысты жүргізілген қызметтік тергеу нәтижесінде Қызылорда облысы ПД бірқатар қызметкерлері қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Еске салсақ, Қызылорда қаласында мектеп оқушылары «сыныптасын секс-құлдықта ұстады» деген күдікке ілінді.

Бір топ жасөспірім 16 жасар қызды қинап ұстағаны, есірткі беріп, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлегені туралы ақпарат тарады.

Оқушы қыздың ата-анасы жағдайды қоғамдық қорға хабарлаған.

Қызылорда полициясы аталған дерек бойынша күдіктілерді ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Кейін күдікке ілінген мектеп оқушылары үйқамаққа ауыстырылды.

Оқиғаға байланысты №7 мектеп-лицей директоры, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, психологы, әлеуметтік педагогі, сынып жетекшілері жұмыстан босатылды.

Бұл жағдайға сондай-ақ Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсенбаев пікір білдірген болатын. 

Соңғы жаңалықтар