Қызылордада оқушыны жезөкшелікке мәжбүрлеген айыпталушыға үкім шықты

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM – Қызылордада 16 жасар оқушыны жезөкшелікке мәжбүрлеу туралы қылмыстық іске қатысты үкім шықты. Қызылорда қаласының №2 сотында айыпталушыға қатысты ҚР ҚК 194-бабы 2-бөлігінің 1)-тармағы бойынша (қорқыту) қылмыстық іс қаралды. 

суд
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

«Сотталушы жәбірленушіні масқаралайтын мәліметтерді жариялаймын деп кәмелетке толмаған жәбірленушіден 700 000 теңге ақша тауып беруін талап еткен, сонымен қатар оның сөмкесін алып, ішінде тұрған 35 000 теңге ақшаны қорқытып алған», — делінген соттың хабарламасында. 

Сотталушының кінәсі кәмелетке толмаған жәбірленушінің біркелкі жауаптарымен, оқиға орнын қарап-тексеру туралы хаттамасымен, беттестіру жүргізу хаттамаларымен, сот психологиялық-психиатриялық сараптама қорытындысымен бекітілді.

Сот үкімімен сотталушы ҚР ҚК 194-бабы 2-бөлігінің 1)-тармағы бойынша кінәлі деп танылды. 

ҚК-тің аталған бабының санкциясы 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.

«ҚК-нің 55-бабының 2-бөлігінің 2) тармағына сай, жазаны жеңілдететін мән-жайлар болған және ауырлататын мән-жайлар болмаған кезде, жаза мерзімі ҚК-тің тиісті бабында көзделген ең жоғары мерзімнің 2/3 –нен асыруға болмайды делінген», — делінген хабарлмада. 

Іс бойынша қылмыстық жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар анықталмаған.

Жеңілдетілген мән-жай ретінде оның бұрын сотталмағаны және жастығы ескерілді (21 жас). Яғни, ең жоғары жаза 7 жылдың 2/3-нен аспауы тиіс.  Осының негізінде, сот сотталушыға 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. 

Үкім заңды күшіне енген жоқ. 

Еске сала кетейік, Қызылордада сыныптасын жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген оқушылар күдікке ілінгенін жазған болатынбыз. 

Артынша Қызылордада келеңсіздікке жол бергендер қызметінен кетті. 

Кейін ҚР ІІМ жәбірленуші тұратын аумақты тәулік бойы күзетті

Ғани Бейсембаев оқушыны жезөкшелікке мәжбүрлеу дауына қатысты пікір білдірді.

Тергеу жүріп жатқанда Қызылордада оқушыны жезөкшелікке мәжбүрлеген 8 күдікті қамалды.

Кейінірек оқушыны жезөкшелікке мәжбүрлеуге қатысты 13 адам анықталды.

Соңғы жаңалықтар