Қызылордада тұрақта тұрған автокөлік толығымен жанып кетті

қызылорда
Фото: Қызылорда облысының ТЖД Өрт сөндіру және авариялық - құтқару жұмыстары қызметінен

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM - Қызылорда қаласында тұрақта тұрған автокөлік толығымен жанып кетті.

8 мамырда сағат 12.43-те Күштер мен құралдарды жедел басқару орталығынан хабар келіп түсті.

««Астана-2» мөлтек ауданы А. Шәменов көшесі бойындағы №9 тұрғын үйдің автокөлік тұрағында «Volkswagen Passat» жеңіл автокөлігі толығымен жанып жатқаны айтылған. Автокөлік 1992 жылы зауыттан шыққан. Қызыл жалын 12.55-де толық сөндірілді. Оны жоюға №4 өрт сөндіру бөлімінен 1 техника, 6 қызметкер жұмылдырылды», - деп мәлім етті Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық - құтқару жұмыстары қызметінен.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысында екі адамды тоқ соғып, мерт болды.

Соңғы жаңалықтар