Қызылордада тұрғындарға қауіп төндірген зауыт ғимараты бұзылатын болды

Қызылорда қаласында құр қаңқасы қалған целлюлоза-картон зауыты ескі ғимараты тез арада бұзылады, деп хабарлайды Kazinform. 

Қызылордада тұрғындарға қауіп төндірген зауыт ғимараты бұзылады
Фото: Қызылорда қаласы әкімдігі

Ескі зауыттың қаңқасы тұрғындарға қауіп төндіріп, қаланың сәулеттік келбетіне нұқсан келтіріп отыр. Халық арасында ЦКЗ аталып кеткен зауыттың жерін құрылыс нысанын салу мақсатында 2004 жылы жалға алу құқығымен жеке кәсіпкер иемденген.

Осы уақыт аралығында кәсіпкер жерді нысаналы мақсатында пайдаланбаған. Құрылыс алаңын қоршауға бағытталған қандай да бір шараларды қабылдамаған. Осыған байланысты кәсіп иесіне ескерту жасалды.

«Бұл мәселе қала әкімдігінің бақылауында болады. Алдағы күндері жер иесімен зауыт қаңқасын сүру бойынша жұмыстар жүргізіледі», - деп мәлім етті Қызылорда қалалық әкімдігінен.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысында жаңа мектеп ашылды.

 

Соңғы жаңалықтар