Қызылордада заңсыз аңшылықпен айналысқандарға қатысты тергеу басталды

АСТАНА. KAZINFORM — Қызылорда облысында заңсыз аңшылық дерегіне тосқауыл қойылды, деп хабарлайды Орман шаруашылығы мен жануарлар дүниесі комитеті.

браконьерлік
Фото: Орман шаруашылығы мен жануарлар дүниесі комитеті

РКҚ «ӨБ Охотзоопром» және орман шаруашылығы мен жануарлар дүниесі инспекциясы инспекторларының браконьерлікке қарсы күрес аясында жүргізілген «Киік» рейдтік іс-шаралары барысында Сырдария ауданында заңсыз аңшылыққа күдікті топ анықталды.

Тексеру барысында Ақши деп аталатын жерде екі автокөлік («УАЗ» және «НИВА») тоқтатылды. Көліктердің бірінен аңшылық қару-жарақ, оқ-дәрілер және түнгі уақытта аңшылыққа пайдаланылған болуы мүмкін жарықтандыру құралдары табылды. Сонымен қатар, киік пен қоянның денелері анықталды.

— Оқиға орнына жергілікті Полиция департаментінің тергеу-жедел тобы шақырылды. Барлық ұсталғандар жергілікті полиция бөліміне жеткізілді. Тергеу басталды, — делінген ведомство хабарламасында.

Еске салсақ, осыған дейін Ақмола облысында Қызыл кітапқа енген құстарды аулаған браконьер ұсталды.

Соңғы жаңалықтар