Қызылордада жасөспірімдер топ болып төбелесті

Қызылорда қаласында тұрғын үйлердің ауласында болған жасөспірімдердің топтық төбелесіне байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Kazinform.

Төбелес
Фото: Kazinform

Тұрғындардан 102 арнасына жасөспірімдер төбелесіп жатқандығы жөнінде хабарлама түскен. Оқиға Қызылорда қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің ауласында болған.

​«Полиция қызметкерлері дереу хабарлама бойынша оқиға орнына жетті. Төбелеске қатысқан жасөспірімдер анықталып, Қызылорда қалалық полиция басқармасына жеткізілді. ​Қазіргі таңда аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабымен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. ​Қылмыстық іс негізінде тиісті сараптамалар тағайындалып, құқықтық баға берілетін болады», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаменінен.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысы мектептерінде сотталған және дипломы жалған адамдар анықталды.

 

Соңғы жаңалықтар