Қызылордадағы қайғылы жол апаты: полиция күдіктінің аты-жөнін жариялады
ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — Қызылорда қалалық полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімі көшеде балалы әйелді қағып кетіп, сәби өліміне себеп болуы мүмкін күдіктіге іздеу жариялады.
Күдікті — 2000 жылы туған Алексей Великов екені анықталды.
— Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен қылмыс жасады деген күдікпен анықтау бөлімінен бой тасалап жүрген азамат іздестіріліп жатыр. Бас шарасы — күзетпен ұстау. Жоғарыда көрсетілген азамат туралы қандай да бір ақпарат білген адамнан Қызылорда қаласы полиция басқармасына хабарлауды сұраймыз. Байланыс телефондары: 8 (7242) 27-77-01, 27-64-71, 29-75-07, 27-42-06, 29-75-69, 27-45-47. Мекенжайы: Қызылорда қаласы, Төле би көшесі, № 112, — делінген хабарламада.
Еске салайық, оқиға 13 қазанда кешкі сағат бестің шамасында қаладағы Құлтекенов көшесінде болған.
Ал Қызылордадағы заң компаниясы адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы бойынша күдіктіні табуға көмектескен адамға қаржылай сыйақы тағайындады.