Қызылордадағы мектепте 1000 оқушы бір мезетте Әнұранды орындады

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM – Қызылорда қаласындағы Абай атындағы дарынды балаларға арналған үш тілде оқытылатын мамандандырылған сыныптары бар мектеп оқушылары Республика күніне ерекше тарту жасады.

Қызылордадағы мектепте 1000 оқушы бір мезетте Әнұранды орындады
Фото: видеодан алынған скрин

Мектептің 1000 оқушысы хормен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаса, 200 бала «Балбырауын» күйін күмбірлетті.

- Іс-шараның мақсаты – білім алушылардың мемлекеттік рәміздерге құрметін, отансүйгіштік қасиетін арттырып, азаматтық жауапкершілігін нығайту. Мемлекеттік Әнұранды бір мезетте орындау оқушылардың ел бірлігі мен ұлттық құндылықтарға құрметін білдіретін ортақ шараға айналды. Ал Құрманғазының шығармасын орындаған оқушылар ұлттық өнердің құдіреті мен ұрпақтар сабақтастығының мәнін паш етті, - делінген мектеп хабарламасында.

Еске салайық, Бүгін Орал қаласындағы Тұңғыш Президент алаңында 25 қазан — Республика күніне орай Мемлекеттік Ту көтеру рәсімі өтті.