Қызылордадағы Тәуелсіздікке 25 жыл даңғылының жалғасы салынып жатыр

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM – Қызылорда қаласының даму қарқыны күн санап артып келеді. Соның айғағы ретінде бүгінгі күні қала тұрғындары үшін аса маңызды жаңа жол құрылысы қолға алынды. 

Қызылордадағы Тәуелсіздікке 25 жыл даңғылының жалғасы салынып жатыр
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Тәуелсіздікке 25 жыл даңғылының жалғасы саналатын бұл жол Әбілқайыр хан көшесінен басталып, Саламатов көшесіне дейінгі аралықты қамтиды. Ұзындығы 2,9 шақырымды құрайтын жол құрылысы заманауи талаптарға сай жүргізіліп жатыр. Жаңа бағыттың іске қосылуы қаладағы көлік қозғалысын жеңілдетіп қана қоймай, орталық және шеткі аймақтарды байланыстыратын маңызды магистральге айналмақ.

Қызылордадағы Тәуелсіздікке 25 жыл даңғылының жалғасы салынып жатыр
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Құрылыс барысында тек жол салу жұмыстары ғана емес, сонымен қатар Сырдария өзенінің қорғаныс бөгетін нығайту да қатар жүргізілуде. Бұл өз кезегінде өңірдің экологиялық және қауіпсіздік тұрғысынан тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 

Жаңа жолда төрт жолақты кең автожол салу жоспарланған. Сонымен бірге тұрғындардың қолайлы қозғалысы үшін ені 6 метрді құрайтын жаяу жүргіншілер жолы мен арнайы велосипед жолақтары да қарастырылған. Бұл қала тұрғындарының салауатты өмір салтын ұстануына қолайлы жағдай туғызады. 

Қызылорда облысының әкімдігі
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Жобаны жүзеге асыру жұмыстарын тәжірибесі мол «УАД» ЖШС атқарып жатыр. Қазіргі таңда құрылыс алаңында заманауи техникалар тартылып, ондаған жұмысшы күндіз-түні еңбектенуде. Мердігер компания жоспарға сәйкес жұмысты сапалы әрі уақтылы аяқтауды мақсат етіп отыр.

Қызылорда облысының әкімдігі
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Аталған жол құрылысы аяқталған соң, қаладағы көлік қозғалысының жүктемесі едәуір азайып, тұрғындардың жүріп-тұруы әлдеқайда ыңғайлы болмақ. Сонымен қатар бұл жоба Қызылорданың сәулеттік келбетін жаңғыртып, инфрақұрылымдық әлеуетін күшейтуге жол ашады. Қала халқы үшін қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру бағытындағы игі бастамалардың бірі саналатын бұл даңғылдың жалғасы болашақта аймақтың дамуына зор серпін беретіні анық.

Қызылорда облысының әкімдігі
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Осы құрылыс тек жол салу жұмыстары ғана емес, қала өмірінің жаңа тынысын ашатын маңызды қадам екені сөзсіз. Тәуелсіздікке 25 жыл даңғылының жалғасы – Сыр өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуының айқын көрсеткіші әрі тұрғындар үшін жасалып жатқан игілікті істердің бір парасы. 

Соңғы жаңалықтар