«Қызылжар» - «Оқжетпес» матчы кейінге шегерілді
ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Қазақстан Премьер-лигасының 23-туры аясында 22 тамызда өтуі тиіс «Оқжетпес» - «Қызылжар» футбол командаларының кездесуі кейінге қалдырылды.
Бұл туралы «QYZYLJAR» футбол клубы әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
Матчтың шегерілуіне 23 тамызға жоспарланған Құрылтай сайлауы себеп болды. Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің 2026 жылғы 28 шілдедегі хатына сәйкес, сайлау күніне байланысты осы күнге жоспарланған барлық спорттық жарыстарды өткізу кейінге шегерілді.
Осыған орай Қазақстан Премьер-лига клубтары арасындағы чемпионаттың 23-турының барлық матчтары да басқа күнге ауыстырылады.
23-тур ойындарының жаңа өткізу мерзімі әзірге белгісіз. Бұл туралы ақпарат қосымша жарияланбақ.
Осыған дейін, Павлодардың «Арман» командасы жағажай футболынан ел чемпионы атанғанын жазған едік.