Қызметтік автобустарға аялдамаларға тоқтап, адамды түсіріп кетуге бола ма

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Kazinform тілшісі «Заң бойынша қызметтік автобустарға аялдамаларға тоқтап, адамды түсіріп кетуге бола ма?» деген сұрақтың жауабын біліп көрді.

Автобус сбил пешехода в Астане
Фото: Мұхтор Холдорбеков / агентство Kazinform.

Өскеменде қала шетіндегі өндірістік кәсіпорындарда жұмыс істейтіндер көп. Олар үшін компания арнайылап автобус тасымалын ұйымдастырған.

- Сондай қызметтік автобустардың аялдамаларға тоқтайтынын жиі көріп қаламын. Бұл қаншалықты заңды? Өзім жеке көлікпен жүргенде аялдамаларға тоқтамаймын. Себебі бір рет тәртіп сақшылары айыппұл салып тастаған. Сонда қызметтік автобустарға аялдамаларға тоқтауға бола ма? - деп сұрады Еркін Татиев.

Бұл сауалдың жауабын білу үшін қалалық Полиция басқармасына хабарластық.

- Жол қозғалысы ережелерінде осы туралы нақты жазылған. 12-тараудың 87-тармағына сәйкес, автокөліктердің және маршруттық көлік құралдарының аялдамаларға және олардан 15 метрге жақын жерде тоқтауына тыйым салынады. Автобус аялдамаларында тоқтауға жолаушыларды тасымалдауға арналған және белгіленген аялдама пункттері бар, бекітілген маршрут бойынша жүретін автобустарға, трамвайларға және таксиге ғана рұқсат етіледі, - деп жауап берді басқарма бастығының орынбасары Талғат Қамзин.

Еске салсақ, осыған дейін көлік жүргізушілері айналма жолға кіргенде заң бойынша қай жақ бұрылыс шамын жаққаны дұрыс болатындығы жайлы жазғанбыз.

 

Соңғы жаңалықтар