10:18, 12 Қараша 2011 | GMT +5
КҚК аймақтармен ынтымақтастық орнатуға дайын
ЫРАУ. 12 қараша. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Теңіз мұнайын Новороссийск айлағына дейін айдап отырған «Каспий құбыржелісі консорциумы» ЖАҚ Атырау облысының атқарушы билік өкілдерімен барынша ықпалдастықта жұмыс жасайды, деп мәлімдеді кәсіпорынның бас директоры Николай Платонов.
Бұндай мәлімдемен ол облыс әкімінің бірінші орынбасары Болат Дәукеновпен кездесу барысында айтты. Онда Каспий құбыржелісі консорциумының қуатын жылына 26 миллионнан 67 миллион тоннаға дейін арттыру жөніндегі жоспарлары талқыланды.
«Біз облыстың әлеуметтік мәселелерін шешуге белсене атсалысамыз. Қазірдің өзінде Махамбет және Индер аудандарында екі балабақша салу және 8 мектепті жөндеуден өткізу жайлы шешім қабылданды», - деді Н.Платонов.