КҚК теңіз терминалында мұнайды ауыстырып тиеу қайта басталды

Бүгін Каспий құбыр консорциумының Қара теңіз жағалауындағы терминалында мұнайды ауыстырып тиеу қалпына келтірілді, деп хабарлайды Kazinform.

каспий
Фото: inbusiness.kz

Консорциумның телеграм арнасында хабарланғандай, кеше, 16 қаңтарда теңіз терминалында мұнайды ауыстырып тиеу тоқтатылған. Бұған ауа райының қолайсыздығы себеп болған.

«Ауа райының қолайсыздығы теңіз терминалының аймағында мұнайды ауыстырып тиеуді тоқтатуға мәжбүр етті. Шикізат қоймаларында қордың толық болуына байланысты жүк жөнелтушілерден мұнай қабылдау тоқтатылды» деп хабарлаған еді консорциумның баспасөз қызметі.

Ал, бүгін, 17 қаңтарда мұнай құбырын пайдалан, мұнайды ауыстырып тиеу қалпына келтірілген.

«Ауа райының жақсарғаны Каспий құбыр консорциумына 2024 жылғы 17 қаңтарда теңіз терминалының жұмысын қалпына келтіруге мүмкіндік берді. Жүк жөнелтушілерден мұнай қабылданып жатыр» деп мәлім етті баспасөз қызметінен.

Қазір Қара теңіз жағалауындағы терминал мен «Теңіз-Новороссийск» мұнай құбыры штаттық режимде жұмыс істеп тұр

Еске сала кетелік, бұдан бұрын «Теңіз-Новороссийск» құбырымен мұнай тасымалдау үш күнге неге тоқтатылғанын хабарлаған болатынбыз.