КҚК жағдай Қазақстанның мұнай экспортының айтарлықтай үзілісіне алып келмейді - халықаралық агенттік

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Каспий құбыр консорциумының (КҚК) теңіз терминалындағы өткізу қабілетінің төмендеуі уақытша және Қазақстанның экспорттық мұнай жеткізілімінің айтарлықтай үзілісіне алып келмейді. Бұл туралы Standard&Poor's халықаралық рейтинг агенттігі болжамында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жалпы, S&P елдің тұрақты мемлекеттік және сыртқы баланстары, мұнай мен алтын бағасының өсуімен қатар, сыртқы күйзелістерді жұмсартуға жеткілікті екенін атап өтеді.

S&P пікірінше, қысқа мерзімдік перспективада кредит рейтингінің динамикасы КҚК-ны қалпына келтіру жұмыстарының мерзімі мен сыртқы экономикалық қызметті қолдауға байланысты болады, ал ұзақ мерзімдік перспективада рейтинг мемлекеттік институттардың саясатын одан әрі жетілдіру мен бизнес-ортаны жақсартуға тәуелді болады.

Standard&Poor's деректеріне қарағанда, Қазақстан экономикасының өсуі 2022 жылы 2% деңгейінде болжанып отыр.

Еске салсақ, наурыз айының соңында Қара теңіздегі дауылдың салдарынан Каспий құбыр консорциумының құбыр жүйесіне зақым келді. Бұл Қазақстанның мұнай өндіру көлемі қысқаруына алып келуі мүмкін екені айтылды. Кейін ҚР Р Энергетика министрі Болат Ақшолақов Каспий құбыр консорциумындағы жағдайды баяндады.

«Жүйедегі аталған ақау күрделі болып саналады. Осы орайда құрылғыларды қауіпсіз пайдалануға мүмкіндік бермейді. Осыған байланысты Каспий құбыр консорциумы аталған жабдықтарды пайдалануды уақытша тоқтатуға мәжбүр болып отыр», - деді министрлік.





Соңғы жаңалықтар