20:27, 09 Ақпан 2011 | GMT +5
ККМ: Ақкөл мен Щучинск арасындағы жол жабық
АСТАНА. 9 ақпан. ҚазАқпарат - Ақкөл мен Щучинск арасындағы жол жабық, деп хабарлады ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі.
2011 жылғы 9 ақпанда сағат 19.00-дан бастап ауа райының қолайсыздығына (боран, ұйтқыма жел) және жолдың нашар көрінуіне байланысты «Астана - Петропавл» автожолының Ақкөл - Щучинск учаскесінде (110-241 км) жол жабылды, делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.