Клайпедада Транскаспий халықаралық жолбағытын дамыту талқыланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 27 қарашада Клайпедада дөңгелек үстел ауқымында Қытай - Еуропа Транскаспий халықаралық жолбағытының мүмкіндіктері таныстырылды.
None
None

Шараға Литва, Қазақстан және Грузия теміржол әкімшіліктерінің, теңіз әкімшіліктерінің және DBSchenker, InterRail Logistics GmbH, NavilogTransportAB сияқты ірі көлік-логистикалық компанияларының өкілдері қатысты.

ҚТЖ баспасөз қызметінің хабарлауыша, дөңгелек үстел отырысына, сондай-ақ, Литва Республикасы көлік және коммуникация вице-министрі С.Гирдаускас, Клайпеда қаласының мэрі В.Грубляускас, ҚР-ның Литва Республикасындағы елшілігінің кеңесші-елшісі О.К.Тоғызбаев, Клайпеда мемлекеттік теңіз портының маркетинг және жалпы байланыс дирекциясының директоры А.Друнгилас қатысты.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ логистика жөніндегі вице-президенті Қанат Алпысбаев «бұл жолбағытта Каспий аймағы елдерінің Еуропа мен Азия бағытындағы транзиттік әлеуетін арттыру міндеті қойылған».

Литвалық тарап өкілдері Транскаспий жолбағытын дамыту жобасына қатысуға әзір екендігін білдірді. ЛР көлік және коммуникация вице-министрі С.Гирдаускас «Біз «Викинг» және «Nomad Express» жобаларын дамыту жөніндегі жұмыстарды үйлестіруге және көлемін ұлғайтуға мүдделіміз» , деп атап өтті.

Қазақстандық тарап осы жылғы шілдеде Қытай - Қазақстан - Әзербайжан жолбағытымен «Nomad Express» алғашқы контейнерлік пойызы іске қосылғанын хабардар етті. Бұл пойыз ұзындығы 4 726 шақырымдық жолды 6 тәулікте еңсереді.

Қазргі кезде қытай тарабымен бірлесе отырып, Қытай - Қазақстан - Әзербайжан - Грузия - Түркия жолбағыты бойынша «Nomad Express» контейнерлік пойызын ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде.

Транскаспий халықаралық көлік жолбағыты жобасының еуразиялық құрлықта транзиттік әлеуеті және сауданы дамытуды жүзеге асыруда мүмкіндіктері үлкен. Бұл Оңтүстік және Шығыс Еуропа, сондай-ақ Балтық елдерімен ынтымақтастық көкжиегін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар