Климатологтар ұзақмерзімді ауа райы болжамының дұрыстығын анықтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Американдық ғалымдар Еуропадағы ауа райының соңғы 30 жылдағы күзгі және қысқы кезеңдердегі құбылуының тарихын зерттеді, деп хабарлады Росбалт.
None
None

Зерттеушілер Еуропалық Одақ мен Ресейдің батыс бөлігі аумаңғындағы қысқы климатты қыркүйекте-ақ болжауға болады, деген қорытынды жасады.

Пьер және Мария Кюрилер атындағы университеттен Хавье Гарсия-Серрано мен оның әріптесі Клод Франкиноль Алтантикадағы климаттық өзгерістерді зерттей отырып, Еуропадағы соңғы 30 жылдағы ауа райының қалай өзгеруімен салыстыра отырып, ұзақмерзімді ауа райы болжамын жасауға болатынын дәлелдеді.

Мақала авторлары Еуропадағы ауа райының ықтимал моделінің нәтижелерін бұрынғы маусымдардағы мәліметтермен салыстыра отырып жасады. Мұндай модель алға қойылған міндеттер үдесінен шыға білді, 1970-2000 жылдардың көрсеткіштері бойынша Еуропада қыстың қатты немесе жұмсақ болатынын алдын ала болжау мүмкіндігі туындады. Екінші жағынан оның дәлме-дәлдігін айтуға дегенмен әлі ерте - өйткені бұл әдіс арқылы Еуропадағы әрбір қыста болатын ауа райы құбылуының үштен бір бөлігі жөнінде ғана ауфыз толтырып айтуға болады, деп хабарлады Innovanews. Климатологтардың атап көрсетуінше, егер қыркүйектің ғана емес, күздің басқа да айларының көрсеткіштерін пайдалана отырып, модельдің нәтижелілігін шамамен 60 пайызға көтеруге болады.

Соңғы жаңалықтар