Климаттағы өзгерістер Қазақстан экономикасына 4 млрд шығын келтірді

Астанада БҰҰ аясында өткен өткен климаттың өзгеруі туралы конференцияда сарапшылар бұл құбылыстан Қазақстан қандай зиян шегіп жатқаны туралы пікірлерін білдірді, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.

Мансұр Ошурбаев
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

«Климаттың өзгеруі, саяси және экономикалық тұрақсыздық, энергетикалық және азық-түлік қауіпсіздігі, шөлейттену, биоалуандықты сақтау, су ресурстарының сарқылуы сияқты мәселелер жаһандық сын-тегеурінге айналып келеді», - Экология вице-министрі Мансұр Ошурбаев.

Сондай-ақ, ол Қазақстандағы ылғалдың 40%-ы сырттан келетін трансшекаралық өзендерге тәуелді екенін еске салды.

«Экономикалық әріптестік және даму ұйымының (OECD – ред.) мәліметі бойынша, табиғат апаттарынан келетін шығын жылдық жалпы ішкі өнімнің 2%-ына тең. Климат өзгерісінің Қазақстан экономикасына әсері туралы айтсақ, халықаралық ұйымдар зерттеулерінің қорытындысы бойынша, бұл шама 4 млрд АҚШ долларына тең», - деді вице-министр.

Соңғы жаңалықтар