Клуб қызметкерлері өзара сайысқа түсті - Қызылорда облысы

ҚЫЗЫЛОРДА. Шілденің 3-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Сырдария аудандық және ауылдық мәдениет үйле­рінің директорлары мен мең­герушілері және көркемдік жетекшілер мен сүйемелдеу­шілер арасында «Клуб - ауылдың айнасы» атты кәсіптік байқау­дың іріктеу кеңесі болып өтті.
None
None

Байқау барысында қаты­сушылар өз өнерлерін ортаға салды. Әр топ жаңа техноло­гиялық құралдарды пайдалана отырып, өз ауылдары жайында буклет дайындап, көрме ұйым­дастырды.

Шара соңында жеңімпаздар анықталып, Н.Ілиясов атын­дағы клуб меңгерушісі К.Құда­баева және С.Сейфуллин ауыл­дық клуб меңгерушісі Е.Әбді­реева облыстық «Клуб - ауыл­дың айнасы» тақырыбындағы байқауға қатысуға жолдама алды.

Соңғы жаңалықтар