Клубтар арасындағы ӘЧ: Бүгін 1/8 финалға шыққан барлық команда анықталады
АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін, 26 маусымнан 27-іне қараған түні клубтар арасындағы әлем чемпионатында топтық кезең ойындары мәресіне жетіп, 1/8 финалға шыққан командалар белгілі болады.

Сағат 00:00-де G тобында «Видад» (Марокко) пен «Аль-Айн» (БАӘ), «Ювентус» (Италия) пен «Манчестер Сити» (Англия), H тобында «Аль-Хиляль» (Сауд Арабиясы) мен «Пачука» (Мексика), «Ред Булл Зальцбург» (Аустрия) мен «Реал Мадрид» (Испания) шеберлік байқасады.
Бүгінге дейін 1/8 финалда сынға түсетін сегіз жұптың алтауы анықталды. Жарыстың аталған сатысында 28 маусымда «Палмейрас» (Бразилия) пен «Ботафого» (Бразилия), «Бенфика» (Португалия) мен «Челси» (Англия) ойнайды.
Ал 29 маусымда «Пари Сен-Жермен» (Франция) мен «Интер Майами» (АҚШ), «Фламенго» (Бразилия) мен «Бавария» (Германия), 30 маусымда «Интер» (Италия) мен «Флуминенсе» (Бразилия), 2 шілдеде «Боруссия Дортмунд» (Германия) пен «Монтеррей» (Мексика) шеберлік байқасады.
Е және F топтарында алғашқы екі орынға ие болған командалар 1/8 финалда 1 шілдеде кездеседі.
Қазірге дейін 1/8 финалда сынға түсетін сегіз жұптың алтауы анықталды. Жарыстың аталған сатысында 28 маусымда «Палмейрас» (Бразилия) пен «Ботафого» (Бразилия), «Бенфика» (Португалия) мен «Челси» (Англия) ойнайды.