Клубтар арасындағы ӘЧ: Бүгін «Реал Мадрид» екінші ойынын өткізеді

АСТАНА. KAZINFORM — Футболдан клубтар арасындағы әлем чемпионатында 22 және 23 маусым күндері төрт ойын өткізіледі.

Бүгін «Реал Мадрид» екінші ойынын өткізеді
Фото: realmadrid.com

Алдымен 22 маусымда G тобында сынға түсіп жатқан Италияның «Ювентусі» командасы екінші турда Марокконың «Видад» клубымен кездеседі. Ойын қазақстандық уақытпен 21:00–де басталады. 

Аталған топтағы «Манчестер Сити» (Англия) мен «Аль-Айн» (Біріккен Араб Әмірлігі) кездесуі 23 маусымда сағат 06:00–ге белгіленген. 

Сондай-ақ H тобында сағат 00:00–де «Реал Мадрид» (Испания) пен «Пачука» (Мексика), 06:00–де «Ред Булл Зальцбург» (Аустрия) мен «Аль-Хиляль» (Сауд Арабиясы) шеберлік байқасады.

22 маусымда F тобында бразилиялық «Флуминенсе» Оңтүстік Кореяның «Ульсан Хёндэ» клубын 4:2 есебімен жеңсе, Германияның «Боруссия Дортмунды» Оңтүстік Африканың «Мамелоди Санундаус» клубынан 4:3 есебімен басым түсті.

Сондай-ақ Е тобында италиялық «Интер» Жапонияның «Урава Ред Даймондсын» 2:1 есебімен жеңсе, аргентиналық «Ривер Плейт» пен Мексиканың «Монтеррейі» 0:0 есебімен тең ойнады.
Әлем мемпионатының жүлде қоры 1 миллиард АҚШ долларын құрайды. Аталған турнирде чемпион болған команда 125 миллионды иеленеді. Қалған қаражатты қатысушы 31 клуб алған орындарына байланысты бөліседі.

Доп додасында 32 команда сынға түседі. Командалар 8 топқа бөлінді. Әр топта 4 клубтан ойын көрсетеді, олардың екеуі плей-офф кезеңіне шығады.

Соңғы жаңалықтар