Клубтар арасындағы ӘЧ: Месси бұрынғы командасына қарсы ойнайды

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін, 29 маусымнан 30-на қараған түні клубтар арасындағы әлем чемпионатында 1/8 финалында «Интер Майами» (АҚШ) пен «Пари Сен-Жермен» (Франция) командалары кездеседі.

Месси
Фото: sports.yahoo.com

Әлем футболының жұлдызы Лионель Месси қазір америкалық клубта ойын көрсетеді. Ол 2021-2023 жылдар аралығында франциялық команданың намысын қорғады. Осылайша ол дүбірлі додада өзінің бұрынғы клубына қарсы ойнауға мүмкіндік алып отыр.

Бұл кездесу қазақстандық уақытпен 21:00-де басталады. Сондай-ақ 1/8 финалда сағат 23:00-де «Флуминенсе» (Бразилия) мен «Бавария» (Германия) командалары ойнайды.

Қазірге дейін 1/4 финалға «Палмейрас» (Бразилия) мен «Челси» командалары жолдама алды. 
Бразилиялық клуб 1/8 финалда қосымша кезеңде «Ботафого» (Бразилия) клубын, англиялық клуб Португалияның «Бенфикасын» 4:1 есебімен сүріндірді.

Енді 30 маусымда «Интер» (Италия) мен «Флуминенсе» (Бразилия), 1 шілдеде «Реал Мадрид» (Испания) пен «Ювентус» (Италия), «Аль-Хиляль» (Сауд Арабиясы) мен «Манчестер Сити» (Англия) ойнайды.

Ал 2 шілдеде «Боруссия Дортмунд» (Германия) пен «Монтеррей» (Мексика) шеберлік байқасады.

Соңғы жаңалықтар