Клубтар арасындағы ӘЧ: «Ювентус» екінші мәрте ірі жеңіске жетті
АСТАНА. KAZINFORM — Футболдан клубтар арасындағы әлем чемпионатында Италияның «Ювентусі» командасы екінші мәрте ірі жеңіске жетті.

G тобында сынға түсіп жатқан италиялық клуб екінші турда Марокконың «Видад» клубымен кездесті. Ойын барысында олар тізгінді өз қолында ұстауға тырысты. Нәтижесінде 6-минутта марокколық клубтан Абдельмунаим Бутуй 6-минутта өз қақпасына гол соғып алды.
Ал 16-минутта италиялық командадан Кенан Йылдыз есепті үстемелей түссе, оған «Видад» сапынан Тембинкоси Лорч 25-минутта бір голмен жауап қайырды.
Ойынның 69-минутында Кенан Йылдыз тағы бір мәрте көзге түссе, Душан Влахович 94-минутта қорытынды есепті белгіледі.
Осылайша «Ювентус» қарсыласынан 4:1 есебімен басым түсіп, екінші мәрте ірі есеппен жеңіске жетті. Бұдан бұрын олар «Аль-Айн» клубын 5:0 есебімен тізе бүктірді.
Енді аталған топтағы «Манчестер Сити» (Англия) мен «Аль-Айн» (Біріккен Араб Әмірлігі) кездесуі 23 маусымда сағат 06:00–ге белгіленген.
Сондай-ақ H тобында сағат 00:00–де «Реал Мадрид» (Испания) пен «Пачука» (Мексика), 06:00–де «Ред Булл Зальцбург» (Аустрия) мен «Аль-Хиляль» (Сауд Арабиясы) шеберлік байқасады.
Әлем мемпионатының жүлде қоры 1 миллиард АҚШ доллары. Аталған турнирде чемпион болған команда 125 миллионды иеленеді. Қалған қаражатты қатысушы 31 клуб алған орындарына байланысты бөліседі.
Доп додасында 32 команда сынға түседі. Командалар 8 топқа бөлінді. Әр топта 4 клубтан ойын көрсетеді, олардың екеуі плей-офф кезеңіне шығады.