КО елдерінен автокөліктерді өз пайдасы үшін әкелетіндер ғана құн салығын төлемейді - Қазақстанның АвтоБизнес Қауымдастығы

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстанда Кедендік одақ елдерінен әкелінетін автокөліктерге салынатын қосылған құн салығының жойылуы - көліктерді өз пайдасы үшін алып келетін (кәсіпкерлік мақсатта емес) жеке тұлғаларға ғана қатысты болады. Оның үстіне, әкелген көліктерін олар заң бойынша белгіленген мерзімге дейін қайта сата алмайды. Бұл туралы бүгін Қазақстанның АвтоБизнес Қауымдастығының баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

«Қазір көптеген бұқаралық ақпарат құралдарында Ресейден және Белоруссиядан алып келінетін жаңа және ұсталған автокөліктерге сертификаттаудың керек еместігі туралы айтылып та жазылып та жатыр. Бұл қате түсінік. Заңды және жеке тұлғалар Қазақстанға жаңа автокөліктерді әкелу барысында автокөлік құралы типін мақұлдау туралы Кедендік одақтың тиісті құжатын алулары керек. Бұл құжат осы типтегі автокөліктің Кедендік одақ аумағында сапа және қауіпсіздік бойынша қойылатын стандарттарға сәйкестігін растайды», - делінген хабарламада.

Ал ұсталған автокөліктерді алып келетін заңды және жеке тұлғалар автокөліктің қауіпсіздік нормаларына сәйкестігі жөнінде құжат алулары тиіс. Өйткені, кезінде Ресейдің және Белоруссияның есебінде тұрған, ал кейін Қазақстанға жеткізілген автокөліктер Кедендік одақтың 018/2011 атты жаңа техникалық регламентінің талаптарына сәйкес келетін көліктер болып есептелмейді. Өйткені, бұл автокөліктер 2015 жылдың 1 қаңтарына дейін, яғни жоғарыда аталған техникалық регламент күшіне енбей тұрғанда, өз елдерінің ұлттық талабы бойынша қойылатын сәйкестік бағасынан өткізіліп қойылған.

«Техникалық регламентке және Еуро-4 стандартының ең төменгі экологиялық талаптарына сәйкес келмейтін көліктерді сатып алудың қажеті жоқ. Мұндай көліктерді есепке тұрғызу мүмкін болмайды», - деп түсіндіреді Қазақстандық АвтоБизнес Қауымдастығының президенті Андрей Лаврентьев.

Соңғы жаңалықтар