КО мен БЭК аясында елдер арасындағы сауда айналымы өсуде - В.Путин

ЕКАТЕРИНБУРГ. 11 қараша. ҚазАқпарат. Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістік аясында тауар айналымы өсім көрсетуде. Бұл туралы бүгін ҚР мен РФ аймақаралық ынтымақтастығының 10-шы мерейтойлық форумында РФ Президенті Владимир Путин айтты.
None
None

Таяуда Минскіде өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңістікте Қазақстан және Беларусь Президенттерімен Кеден одағы және Бірыңғай экономикалық кеңістік аясында әлі де орын алып отырған кедергілерді жоюаға келіскендерін атап өткен В.Путин: «Бұл шаралар «үштік» елдеріне одан әрі экономикалық өсім тұрақтылығын сақтауға мүмкіндік береді деп есептейміз. 2013 жылдың бірінші жартыжылдығында жалпы ішкі өнім 1.7 пайызға өсті. Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістік аясындағы тауар айналымы қаңтар-тамызда тағы екі пайызды қосты», - деді.

РФ Президентінің атап өтуінше, бір-біріне нарықтарды ашу, интеграциялық жобаларды жүзеге асыру әр уақытта да, әсіресе бастапқы кезеңде өте күрделі процесс. Белгілі бір сауда дисбаланстар туындап, кешіктірулер орын алады. Мұндай жайт барлық интеграциялық бірлестіктерде орын алады. «Мәселен, бизнес қазірдің өзінде кедендік процедуралардың жеңілдеуі не екендігін, бәсекелестік құзіретінде қандай тиімділік әкелетіндігін бағалады. Енді елдегі әрбір адам өз ісін дамыту және жұмыс істеу үшін барынша тартымды жағдайда кәсіпкерлік құруға ұмтылады», -деді В.Путин.

Соңғы жаңалықтар