20:51, 26 Ақпан 2009 | GMT +5
Қобда ауданы мұғалімдерінің еңбекақылары бойынша берешек жабылды
АҚТӨБЕ. Ақпанның 26-сы. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ – Ақтөбе облысында еңбек заңнамасының сақталуына арналған прокурорлық тексерудің қорытындысында Қобда ауданындағы 23 мектепте еңбекақы бойынша берешек мәлім болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Облыс прокуратурасы бірінші басқармасының аға прокуроры Азамат Құстановтың айтуынша, еңбекақылар бойынша берешек 38 миллион теңгені құраған. Бұл аудандағы білім беру мекемелерінің 1512 қызметкерінің 2008 жылғы желтоқсандағы еңбекақысы.Аудандық білім бөлімі мұғалімдерінің еңбекақысына арналған ақша қаражаттарының басқа мақсаттарға, атап айтқанда нысандарды жөндеуге жұмсаланы анықталды.Прокурорлық іс-қимылдың қабылдаған шаралары арқасында еңбекақы берешектері толықтай төленді.