Кодекске қайшы: Шымкентте Денсаулық сақтау басқармасы 26 стоматологияға мониторинг жүргізбек болған

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM – Шымкент қаласында Денсаулық сақтау басқармасының бұйрығымен емханалар жанындағы 26 стоматологиялық кабинетке бару арқылы мониторинг жүргізу жоспарланғаны анықталды. Алайда, Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексіне сәйкес басқарманың мұндай мониторинг жүргізуге өкілеттігі жоқ. Бұл туралы прокуратура мәлім етті.

Шымкентте Денсаулық сақтау басқармаыс 26 стоматологиялық кабинетке мониторинг жүргізбек болған
Фото: Pixabay.com

— Прокурорлық қадағалау актісі негізінде аталған бұйрықтың күші жойылды, ал кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны үшін Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әкімшілік құқық бұзушылықтуралы кодексінің 173-бабы бойынша жауапкершілікке тартылып, 196 600 теңге мөлшерінде айыппұлды қысқартылған тәртіппен төледі, — делінген хабарламада.

Мемлекеттік маңызы бар инвестициялық жобаларды сүйемелдеу жұмыстары жалғасып жатыр. Прокуратура егер бизнес субъектілерінде қандай да бір проблемалық сұрақтар туындаса, олар +7-707-615-00-10 нөмірі бойынша Кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқықтарын қорғау Call-орталығына немесе Шымкент қаласы, Еримбетов көшесі, 304г, «Заңғар» Бизнес орталығы ғимаратындағы Фронт-офиске жүгіне алатынын хабарлады.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, прокурорлық қадағалау инвесторлардың мәселелерін тиімді шешуге бағытталған. Осы бағыттағы құралдардың бірі — кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді топтың жұмысы. Мысалы, мобильді топқа келіп түскен сигнал бойынша прокуратура медициналық қызмет көрсету саласындағы инвесторларға қатысты заңсыз тексерулердің алдын алды. 

Бүған дейін прокуратура Жамбыл облысында 930 бала арнайы медициналық тексерістен өтпегенін анықтаған еді. 

Соңғы жаңалықтар