Кофе қалбырындағы жарылғыш зат

АҚТӨБЕ. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ – Ақтөбелік полицейлер Ресей Федерациясы Алтай өлкесінің 18 жасар тұрғынын ұстады, оған жарылғыш затты сақтағаны үшін айып тағылды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша ол күндіз вокзал маңындағы аялдамада ұсталған. Жас жігіттің қолы салынған қалтасынан кофенің қалбырына салынған жарылғыш зат және электрлі детонатор табылды. Алынған құрылғының жарықшақты-фугасты және термикалық жойғыш күші бар. Ұсталған азаматтың сөзі бойынша ол жарылғыш затты балық аулауға қолданбақшы болған көрінеді.Осы факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің «Жарылғыш заттарды сақтағаны үшін» 251-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар ұсталғанның Қазақстан аумағында заңсыз тұрып жатқаны анықталды.
Соңғы жаңалықтар
Референдум