Кофе көңіл күйді көтереді - зерттеу

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кофенің тағы бір пайдасы анықталды. Бұған дейін біз кофе есте сақтау қабілетін арттырады, диабеттен сақтайды, қан тамырларының жұмысын жақсартады деп айтқан болатынбыз. Енді ғалымдар кофе көңіл күйді көтереді деген болжам айтуда, деп жазады шетелдік БАҚ.
None
None

Бұндай пікірге олар адамдарды екі топқа бөліп тәжірибе жүргізу барысында келді. Бірінші топ күнде кофеині бар кофе ішсе, екінші топқа кофеинсіз кофе берілді.

Зерттеу барысында тәжірибеге қатысушылар өздерінің жағдайлары мен көңіл күйлері жайлы күнделікті хабарлап отырды. Тәжірибе барысында анықталғандай, бірінші топтағы адамдар екінші топқа қарағанда анағұрлым бақытты болды. Өмірге оптимистік көзқараспен қарап, жан-жағында болып жатқан оқиғалардың жағымды жағын байқай білді.

Соңғы жаңалықтар