Қоғалыкөл ауылында бу қазандығы жарылып, 4 адам қаза тапты - Қызылорда облысы

деп хабарлады облыс әкімідігінің баспасөз қызметі.
Жарылыстың салдарынан апат орнында 4 адам қаза тауып 1 адам ауыр жарақаттарымен облыстық медициналық орталығына жеткізілген. Қаза болған азаматтар қатарында мыналар бар:Дүйсенбаев Торыбай - 1959 ж.т.; Дүйсенбаев Ербол - 1989 ж.т.; Асанбаев Бауыржан -1967 ж.т.; Асқар Қожаназаров - 1967 ж.т. Ал 1964 жылы туған Іскендір Сейдалиев - ауыр жарақат алды. Дәрігерлердің мәліметіне сәйкес қазіргі таңда оның өміріне қауіп жоқ.
Салынып жатқан құрылыс нысанының тапсырыс берушісі - Қызылорда облыстық құрылыс басқармасы. Мердігер мекеме - «ТаразҚұрылысИнвест» ЖШС, директоры Тұрсынбеков. Қосалқы мердігер - «Нефтепромсервис» ЖШС, орындаушы директоры Қайнарбаев Мұрат.
Апат жөнінде хабар түскен бойда, сол күні, 23 желтоқсанда 1 сағаттың шамасында апат орнына облыс басшылығы, облыстық құрылыс басқармасының басшылығы, төтенше қызмет органдарының қызметкерлері жедел түрде жетті.
Алдын ала мәліметтер бойынша жарылыстың жұмысшылар қауіпсіздік талаптарын сақтамағандықтан болғаны анықталды.
Орын алған төтенше жағдай байланысты 2011 жылдың 24 желтоқсаны күні облыс әкімі Б. Қуандықовтың төрағалық етуімен Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссияның шұғыл көшпелі мәжілісі өткізілді. Мәжілісте аймақ басшысы облыстық ішкі істер, төтенше жағдайлар департаменттерінің басшыларына Қоғалыкөл елді мекеніндегі ауылдық мәдениет үйінің бу қазандығының жарылу оқиғасы бойынша тергеу, анықтау амалдарын жүргізуді тапсырды.
Сонымен бірге, тиісті сала басшыларына апат жағдайынан қайтыс болған азаматтардың отбасыларына материалдық көмек көрсету, заңнамаға сәйкес жәрдемақы беру бағытындағы шараларды ұйымдастыру жөнінде тапсырмалар берді.
Қаза болған Дүйсенбаевтар әулетіне 2,5 млн. теңге, Асанбаевтар мен Қожаназаровтар отбастарының әрқайсысына 1 млн. теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілетін болды.
Қазіргі таңда оқиға болған орында арнайы құрылған комиссия жұмыс жасауда.