Қоғамда Тәуелсіздік санасын орнықтыру зиялы қауымның қастерлі борышы - Н.Назарбаев

«Егемендік арқылы ата дініміз өркен жайып келеді. Біз тәуелсіздік жоқ жерде діннің де болмайтындығын тәу тарихымыздан жақсы білеміз. Осы орайда тарихқа жүгініп, бір жайтты еске салғым келеді. Діннің діңгегі - дәстүрлі діндер әр елдің дәстүрімен. Өзгенің қаңсығы бізге таңсық бола алмайды. Біздің ғасырлар бойы қалыптасқан іргелі салтымыз, дәстүріміз, ата-бабадан қалған айқын бағытымыз бар. Сол жолмен жүргеніміз абзал», - деді Елбасы.
Мемлекет басшысының пайымынша, елді бірлікке бастаған абыздар мен жыраулардың қазіргі жалғасы бүгінгі ортамыздағы зиялы қауым өкілдері болып саналады. Бүгінгі қоғамда тәуелсіздік санасын орнықтыру осы зиялы қауымның қастерлі борышы.
«Арқалы ақындар азаттықты жырлап, жазушылар егемендікті арқау етуі қажет. Бабаларымыз «егемен болмай ел болмас», деп жырлағандай, біз үшін тәуелсіздіктен асқан ешқандай тақырып болмауы керек», - деді ҚР Президенті.