Қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етудегі өзара ынтымақтастық туралы үш жақты меморандумға қол қойылды

АСТАНА. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Бүгін Астанада «Нұр Отан» партиясы, «Атамекен одағы» Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасы және ҚР Президенті жанындағы Ұлттық инвесторлар кеңесі Қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылық пен келісімді қамтамасыз етудегі өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Елбасының «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесі Бюросының кеңейтілген отырысында берген тапсырмасына сәйкес, құжатқа партия бастамашы болып отыр. «Отандық бизнеске жан-жақты қолдау көрсету шараларды қабылдау, жұмыссыздықты азайту, жалақының кешіктірілуіне жол бермеу, жаңа жұмыс орындарын ашу, мамандарды қайтадан оқыту және біліктілігін арттыру, дағдарысқа қарсы шараларды тиімді жүзеге асыру мақсатында қоғамды топтастырып, бірлігін қамтамасыз ету меморандумның басты мақсаты болып табылады», деді қол қою рәсімінде «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Дархан Кәлетаев. Д. Кәлетаев қазіргі жағдайда ішкі келісімді, еліміздегі экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуде қоғамның «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарғаны» аса маңызды екенін баса айтты. Өз кезегінде «Атамекен одағының» төрағасы Азат Перуашев қазіргі таңда бизнес қоғамдастық өздеріне жүктеліп отырған әлеуметтік жауапкершіліктің жүгін терең сезінетінін айта келе: «еліміздің ішкі тұрақтылығы, экономикалық дамуы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінен тысқары дүниелер емес. Сондықтан мұндай үдеріске кәсіпкерлер де атсалысулары тиіс», деді. А. Перуашев дағдарыстың дауылы бизнес қоғамдастыққа мейлінше аз әсер ету үшін мемлекет теңдессіз көмек көрсетіп жатқанын атап көрсетті.
Соңғы жаңалықтар