Қоғамдағы мәселелерді шешетін болсақ, халықтың билікке деген сенімі артады - Нұртай Сабильянов

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық құрылтайдың екінші отырысына қатысқан Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов қоғамдағы мәселелерді шешуге бағытталған бюджет қаражаты тиімді жұмсалуы керектігін жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Ұлттық құрылтайда көптеген мәселелер көтерілді. Ең басты қоғамдағы мәселе – жемқорлықты жою. Егерде жемқорлықты жойып, қоғамдағы мәселелерді шешетін болсақ, халықтың билікке деген сенімі өте жоғары болады», - деді депутат.

Сондай-ақ, бюджет қаражатын тиімді пайдалануға қатысты өзі де мәселе көтергендігін жеткізді.

«Құрылтайда мемлекет тарапынан бөлініп жатқан қаражаттың тиімділігін арттыру жайында мәселе көтердім. Мәселен, республикалық бюджеттен, облыстық бюджеттен қаражат бөлінеді. Аудандарға, ауылдарға беріледі. Жобалар жүзеге асып, нысандар салынады. Бірақ оның сапасына, бюджет қаражатының тиімді жұмсалуына көп көңіл бөліне бермейді. Осы жағына келгенде халық талап қойып отыр. «Неге біздің ауылда су жоқ?», «Неге бізде жол дұрыс емес?», «Неге сапасыз жол салынып жатыр?» деп. Осы бағытта да біз нақты шешімдер қабылдауымыз қажет», - деді Мәжіліс депутаты.


Соңғы жаңалықтар