Қоғамдық орындарда тамақтану қызметінің бағасы 9,4% өсті

АСТАНА. KAZINFORM – 2024 жылдың тамызында қоғамдық тамақтану қызметтерінің бағасы айтарлықтай өскені байқалды. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі мәлім етті. 

 кафе и ресторан
Фото: freepik

«Жылдық мәнде баға 9,4% өсті. Бұл мекемелердің түрлі форматтарын қамтиды: мейрамханадағы түскі ас 10,3% қымбаттады, асханада түстену 9,6% қымбаттады, фаст-фуд орындарында тамақтану рта есеппен 12,4% өсті», — делінген хабарламада. 

Айта кетейік, өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 5 383 асхана, 4479 кафе сондай-ақ 2303 мейрамхана тіркелген.

Соңғы жаңалықтар