Қоғамдық тамақтану орындары бойынша Алматы, Астана қалалары көш бастады
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанда қоғамдық тамақтану орындарының саны артты. Бұл туралы Ұлттық статистикалық бюро мәлім етті.

— 2024 жылы елімізде 16 674 қоғамдық тамақтану орны тіркелген, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 5,4% көп (ол кезде 15 826 нысан болған). Қоғамдық тамақтану орындарының ең көп саны — Алматы (2 427 мекеме), Астана (2 252) қалалары және Қарағанды облысында (1 333), — делінген хабарламада.
Тамақтану орындарының ішінде мейрамханалардың саны айтарлықтай өзгермеген — бір жыл ішінде 55 бірлікке артып, 2 358-ге жеткен. Асханалардың саны 4,3% өсіп, 5 383-тен 5 618-ге дейін жеткен. Ең жоғары өсім кафелер арасында, олардың саны 4 479-дан 5 202-ге дейін көбейіп, 16,1% артқан. Мейрамханалардың ең көп саны Астанада (524), Алматыда (446) және Ақтөбе облысында (161) шоғырланған.
Кафелер саны бойынша Астана (643), Алматы (618) және Қарағанды облысы (589) көш бастап тұр. 2024 жылы тамақтану және сусын бойынша көрсетілген қызметтер көлемі 1,5 трлн теңгені құрады.
Айта кетелік, Түркістан облысындағы қоғамдық тамақтану орындарында улану жағдайлары жиілеген.