Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасы талқылауға шығарылды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасының жобасы талқылауға шығарылды. Бұл туралы ІІМ өкілі Шұғыла Тұрлыбек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Ішкі істер министрлігі қоғаммен бірлесіп, Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасының әзірленіп жатқан жобасын қоғамдық талқылауға шығарады. Бұл стратегиялық құжат «халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатына сәйкес қоғамның нақты сұраныстарына бағдарлана отырып дайындалады. Оның дамуына қоғам, халықаралық және ұлттық сарапшылар, ғылыми қоғамдастық белсенді қатысады», - деді Шұғыла Тұрлыбек министрліктің баспасөз қызметі алаңында өткен брифингте.

Оның атап өтуінше, тұжырымдаманың негізгі мақсаты: азаматтардың өмірін, денсаулығын, мүлкі мен құқықтарын қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауды күшейту; қауіпсіз қоғам құру; қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің қолданыстағы тетігін ғылыми деректер мен әріптестікке негізделген қазіргі заманғы превенция жүйесіне трансформациялау үшін жағдай жасау;

«Тұжырымдама аясында мемлекеттік органдар мен әкімдіктерді жауапкершілікпен тарту, барлық мүдделі тараптармен және азаматтармен әріптестік орнату, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздік мәселелері бойынша есептіліктің ашық жүйесін құру жоспарланып жатыр. Бұдан басқа, онда бюрократиялықтан қоғам сұраныстарына бағдарланған полиция жұмысының адамға бағытталған моделіне көшу жөніндегі іс-шаралар бекітілетін болады», - деді министрлік өкілі.

Жобамен мына сілтеме бойынша таныса аласыз.


Соңғы жаңалықтар