Қоғамдық кеңес өкілдері астананың тергеу изоляторына барды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қоғамдық кеңес өкілдері астананың тергеу изоляторына барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қоғамдық кеңес өкілдері астананың тергеу изоляторына барды

Ішкі істер органдары қызметінің мәселелері бойынша қоғамдық кеңестің төрағасы Марат Қоғамов кеңес мүшесі Бахтияр Білеулиевпен бірлесіп 2 сәуірде астананың тергеу изоляторының жұмысына қоғамдық мониторинг жүргізді.

«Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің ЕЦ-166/1 мекемесіне (тергеу изоляторы) келу барысында Қоғамдық кеңес мүшелері осы мекемінің қызметімен танысты. Олар арнайы контингенттерге келетін адвокаттардың пікірлерін тыңдады, сонымен қатар адвокаттар тергеу изоляторындағы адамдарға білікті заң көмегін көрсету бойынша адвокаттық қызметті жүзеге асыру үшін осы мекемеде қолайлы жағдайлар жасалғанын атап өтті», делінген хабарламада.

Қоғамдық кеңес мүшелері аталған мекемінің жеке құрамымен кездесті. Онда Марат Қоғамов кеңестің өкілеттілігі мен міндеттері, азаматтардың құқықтары, бостандықтары және міндеттеріне қатысты нормативтік-құқықтық актілерді сақтау туралы, ІІБ қызметін жетілдіру мәселелеріне қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыруды, сондай-ақ қызметкерлердің қызметтік этиканы сақтау керектігін жеткізді.

Өз кезегінде, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы әділет полковнигі Е.Ақылжанов ішкі істер органдарының 2019-2021 жылдарға арналған жол картасын іске асыру шеңберінде ҚАЖД атқарған жұмысы туралы баяндады.

Осы кездесуге ҚР ІІМ ҚАЖ комитеті төрағасының орынбасары әділет генерал-майоры М. Аюбаев та қатысты. Ол қала әкімдігі мен астаналық департаментінің тиісті өзара іс-қимылының бірізділігі туралы жалпы баяндап шықты.

Бұл қоғамдық мониторинг шеңберінде астананың тергеу изоляторына келген Қоғамдық кеңестің жаңа құрамының алғашқы жоспарланған кездесуі болатын.