Қоғамдық кеңестердің шешімдері ұсынымдамалық сипатқа ие, бірақ олардың қаралуы мемлекеттік органдар үшін міндетті - Н.Назарбаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаңадан құрылатын қоғамдық кеңестердідің шешімдері ұсынымдамалық сипатқа ие, бірақ олардың қаралуы мемлекеттік органдар үшін міндетті. Бұл жайында Ақорда жария еткен Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлт жоспары - қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласында айтылған.
None
None

«2016 жылдан бастап орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда автономды, дербестік, жариялылық, мерзімді ротация қағидаттарында жаңа Қоғамдық кеңестер құрылып, жұмыс істеп тұрғандары қайта пішімделетін болады. «Қоғамдық кеңестер туралы» заңға сәйкес бұл институт қоғамдық бақылаудың жаңа тиімді тетіктеріне ие болды», - дейді Н.Назарбаев.

Елбасының атап өтуінше, кеңестер құрамы квоталық қағидат бойынша құрылады, бірақ олардың мүшелерінің үштен екіден кем емес бөлігін жұртшылық өкілдері құрауы тиіс. Кеңестер басында мемлекеттік қызметте жоқ белгілі қоғам қайраткерлері тұруы тиіс. Қоғамдық кеңестерге меморгандардың бюджеттік бағдарламаларының жобаларын және олардың орындалуын, стратегиялық жоспарларды, аумақтарды дамыту бағдарламаларын талқылау құқы беріледі. Олардың отырыстарында мақсатты индикаторларға қол жеткендігі туралы атқарушы органдардың есептері тыңдалып, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік-құқықтық актілердің жобалары қаралатын болады.

«Атқарушы биліктің барлық сатылары мен Үкімет мүшелерінің азаматтар алдындағы есептері қарастырылған. Олар, сондай-ақ, заңнамаларды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеп, мемлекеттік органдарға енгізетін болады. Кеңестердің шешімдері ұсынымдамалық сипатқа ие болады, бірақ олардың қаралуы мемлекеттік органдар үшін міндетті», - деп жазады Мемлекет басшысы.

Соңғы жаңалықтар