Қоғамдық көліктің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кеткені үшін жауапкершілікке тартылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Қоғамдық көліктің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кеткені үшін жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлады бүгін Алматы қ. ІІД баспасөз қызметінен.

Қоғамдық көліктің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кеткені үшін жауапкершілікке тартылды

Өткен аптаның соңында ғаламтор желісінде 67-ші бағдарлы автобус жүргізушісінің жол қозғалысы ережесін өрескел бұзғандығы жайында түсірілген бейнетаспа пайда болды.

«Бұл бейнетаспа мұқият тексеріліп болған соң, автобус жүргізушісі 1968 жылы туған «К» есімді азаматқа қатысты әкімшілік ықпал ету шарасы қолданылды. Белгілі болғанындай, жол қозғалысы ережесі үстіміздегі жылдың 9 қаңтарында сағат 13:00 шамасында Жұбанов көшесінің оңтүстік жағында, Момышұлы көшесінің бойында орын алған. Бұл қоғамдық көлік солтүстік бағытта келе жатқан. Кептелісті айналып өту мақсатында ол қарсы жолаққа шығып кетіп, автобус жолаушылары мен басқа да жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген. Жүргізуші жол қозғалысы ережесін бұза отырып, құқық бұзушылық әрекетке барғандығын толығымен мойындады. Ол ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 596-шы бабының 3-ші тармағы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ол бір жылға дейін көлік жүргізу құқығынан айырылды», - деді осыған орай, Алматы қ. ІІД Әкімшілік полиция Басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Жандос Мұратәлиев.