Қоғамдық орындарда шылым шеккен 3 мыңнан аса адам жазаға тартылды - Көліктегі ІІД
Бұл туралы Департамент бастығының орынбасары полиция полковнигі Талғат Өтетілеуов мәлім етті.
Сондай-ақ, әкімшілік жауапкершілікке тартылғандардың 1639-ы ҚР ӘҚтК-нің 330-бабы бойынша, яғни, ұсақ бұзақылық жасағандар.
«Ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларды қорлап тиiсу, тұрғын жайларды қорлау, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлерді ластау, оның ішінде белгіленбеген орындарда коммуналдық қалдықтарды шығару және қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын, төңiрегiндегiлердi сыйламаушылықты бiлдiретiн басқа да осындай iс-әрекеттер, айлық есептiк көрсеткiштiң үштен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға соқтырады», деп хабарлады Көліктегі ІІ департаментінің баспасөз қызметінен.