Қоғамдық резонанс тудырған Алматыдағы жол апатының тергеу мәліметтері құпия -ІІМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қоғамдық резонанс тудырған Алматыдағы жол апатының сотқа дейінгі тергеу мәліметтері жария етуге жатпайды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қоғамдық резонанс тудырған Алматыдағы жол апатының тергеу мәліметтері құпия -ІІМ

Естеріңізге сал кетсек, 2017 жылдың 30 шілдесінде Алматыда Әл-Фараби-Сейфуллин көшелері қиылысында «Мерседес 221» маркалы автокөлігі жаяу жүргіншіні қағып, бөлшектеп тастаған болатын. Кейінен қылмыстық іс өндірісін қылмыстық тергеу органы 2017 жылдың 29 қыркүйегінде, одан кейін 15 қаршасында  тоқтатып, бұл қоғамда түсінбеушілік тудырған еді.

Ал ҚР Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, бұл іс қайта өндіріске алынып отыр.

«Алматы қаласы Бостандық ауданының прокуратурасымен одан ары сотқа дейінгі тергеу амалдарын ұйымдастыру үшін қылмыстық істі тоқтату туралы қаулы жойылды. 2018 жылдың 3 қаңтарында прокуратура нұсқауымен жол-көлік апатын және көлік құралына кешенді сот-медициналық сараптама тағайындау туралы қаулы шығарылды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары қайта жанданып, қорытынды процессуалды шешім шығаруға қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес аталған сотқа дейінгі тергеу амалдары жария етуге жатпайды», - деп атап өтеді министрліктен.

Ведомствоның ақпаратына қарағанда, мәліметтер тергеу мүддесіне қайшы келмесе және өзге тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбайтын болса ғана прокурордың рұқсатымен ғана жария етіледі.