Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысқан азаматтарды ынталандыру мақсатында 50 млн. теңгеден аса қаражат бөлінді - ҚР ІІМ
Бұл туралы бүгін апталық брифингте ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.
«Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» ҚР Заңына сәйкес ағымдағы жылы жергілікті атқарушы органдар қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысқан азаматтарды материалдық тұрғыдан ынталандыру мақсатында 50 млн. теңгеден аса қаражат бөлді. 3 тоқсанның ішінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге белсенді қатысқан 3 мыңнан аса адам ынталандырылды», - деді ол.
Ведомствоның ақпаратына сәйкес, ауыр және аса ауыр қылмыстарды ашуға ықпал еткен ақпараттары үшін 756 адамға 12 млн. теңге, заңсыз айналымдағы тіркелмеген қаруларды тәркілеуге ықпал еткен ақпараттары үшін 40 адамға 364 мың теңге берілген. Сонымен қатар әкімшілік құқықбұзушылықтарды анықтауға қатысқаны үшін 19 млн. теңге сомасына 2 мыңнан астам адам ынталандырылған.