Қоғамдық ұйымдар Қазақстанда ана мен баланы қорғаудың мемлекеттік қорын құруды ұсынып отыр

None
None
АСТАНА. 24 қаңтар. ҚазАқпарат - Қазақстанда ана мен баланы қорғаудың мемлекеттік қорын құру қажет. Кризистік орталықтар одағының төрайымы Зүлфия Байсақова осындай ұсыныс жасап отыр.

Оның айтуынша, аталған қордан ата-анасыз қалған балаларға, сондай-ақ тастанды отбасыларға қаржылай көмек көрсетуге болады. «Бүгінде халықаралық конвенцияға сәйкес, Қазақстан балалардың құқықтарын қорғап, оларға барлық жағдай жасау міндетін өз мойнына алды. Ал қазіргі мемлекеттік көмектің мөлшері әрбір балаға шамамен екі мың теңгені құрап отыр. Ондай ақшаға баланы қалай асырауға болады?», - дейді З.Байсақова. Маманның пікірінше, ана мен баланы қорғаудың мемлекеттік қорын құру арқылы алимент мәселесін де шешуге болады. Себебі мемлекет оны өз мойнына алса, алимент төлемей жүрген азаматтарды тауып, оларды өз отбасына тиісті жәрдемақыны төлетуге міндеттей алады.

Соңғы жаңалықтар